,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Июнь 2014    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
Ризашылық пен алғыс Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы "Мәңгілік ел" идеясын қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараларға белсенді қатысқаны үшін Хромтау аудандық орталық кітапханасы балалар бөлімінің кітапханашысы Жиенбаева Тамара Сағирқызына алғысын білдірді.


 


       2014 жылдың маусым айының 1-жұлдызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Ақтөбе қаласының 145 жылдығына арналған "Туған қалам - Ақтөбе!" облыстық балалар сурет сайысы өтті.
       Сайыстың мақсаты мен міндеті: балалардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, кітап оқу арқылы шығармашылыққа баулу. Сайыстың негізгі тақырыбы - "Мәңгілік елдің қаласы".
       Сайысқа Хромтау аудандық кітапхана балалар бөлімінің оқырмандары және мектептен тыс білім беру орталығының сурет үйірмесінің оқушылары қатысты.
       Байқаудың қорытындысы бойынша мектептен тыс білім беру орталығының сурет үйірмесінің оқушысы Дүйсенова Ботагөз жүлделі 2-орынды иеленді.
  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2014 жылдың сәуір айының 23-де өтетін "Ақтөбе жыр құшағында" атты дәстүрлі облыстық балалар поэзиясы байқауын жариялады. Байқаудың мақсаты: "Қазақстан - 2050" стратегиясын қолдау, балалардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, тіл мәдениетін дамыту және ақындыққа құштар балаларды табу.
     Байқаудың қорытындысы бойынша Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылының 6-сынып оқушысы Абдрахманова Дана жүлделі 2-орынды иеленді.
     Данаға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!!!