,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Декабрь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

  • 1 декабря 2021 |
  • 04:12

1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай Кеншілер мәдениет үйінде аудандық кітапхана қызметкерлері жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік шара қонақтарын көрмедегі әдебиеттермен таныстырып,кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды.

  • 30 ноября 2021 |
  • 04:11

Тұңғыш Президент күніне орай Тау-кен техникалық колледжінде "Ел ертеңін ойлаған Елбасы"," Еліміздің еркіндігі Тәуелсіздік" екі бөлімнен тұратын жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері Ақжарқын Махсутқызы көрмеге шолу жасады. Кітап көрмесімен колледж студенттері, мекеме қызметкерлері, мұғалімдер танысты.

  • 29 ноября 2021 |
  • 04:11

Қараша айының 29-30 күндері аралығында аудандық балалар кітапханасында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ашық есік күндері өтіп,мектептерден бастауыш сынып оқушылары келді "Мақтан тұтар ұлы тұлға "тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты -Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміздің жүргізген саясатын,іскерлік қабілетін,болашаққа бағыт -бағдар берген Мемлекет Басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу,жас ұрпаққа насихаттау. Мереке қарсаңында №7 гимназияның 8 сынып оқушыларының қатысуымен Елбасының өмірі мен тұлғалық қасиеттері жайында кең көлемді ақпарат беретін "Менің тұңғыш Президентім " атты танымдық сағат өткізілді.

  • 27 ноября 2021 |
  • 04:11

Аудандық кітапхананың оқу залында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай қарашаның 25-30 күн аралығында «Мақтан тұтар ұлы тұлға» ашық есік күндері өтті.
Ашық есік күндер аясында «Менің тұңғыш Президентім» атты ақпараттық сағат өткізілді.

  • 26 ноября 2021 |
  • 04:11

26 қарашада аудандық балалар кітапханасында "Тәуелсіз елім-тірегі, туған тілім - жүрегім" атты байқауының марапаттау рәсімі өтті. Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы А. Ж.Якен жеңімпаздарды құттықтап дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Шара соңында жүлделі орын алған б/балабақша бүлдіршіндері мерекелік ән шашу тарту етті.

  • 25 ноября 2021 |
  • 04:11

«Адалдық алаңы» жобасы аясында 25 қараша күні Дөң моделді ауылдық кітапхана қабырғасында ашылған «Парасат жолы» орталығында "Жемкорлыққа жол жоқ" тақырыбында участкілік полиция инспекторы Сагинтаев Рахимжан Тулепбергенұлымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басында парасаттық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру жайында  маңызды әңгіме өрбіді. Шараға Дөң мектеп гимназиясының 8-9 сынып оқушылары қатысты.