,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

Аудандық балалар кітапханасында оқушылардың күзгі демалысында "Кітаппен дос бол!" атты ашық есік күндері өткізілді.№ 1, 4 орта мектептің 2, 4 сынып оқушылары мен ұстаздары және ата-аналары саяхатқа келді.Оқушылар кітапхананың бөлімдерімен, оқу залы,кітап қорымен танысты.Балаларға кітап көрмелері, оқырман формуляры туралы,кітапханаға қалай жазылу керек, кітаптарды пайдалану, кері қайтарумен оқырманның тәртібі туралы әңгіме жүргізілді.

5 қараша күні Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында  5 класс оқушыларымен  «Асыл қасиет- адалдық, асыл мінез – адамдық» тақырыбында пікір алмасу өтті.  Мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Хромтау аудандық балалар кітапханасы және аудандық білім бөлімі бірлесіп 2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы" аясында 25 қазан - 10 қараша аралығында қалалық және ауылдық бөбекжай- балабақшалары арасында "Кітаппен бірге өсеміз" атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендждерді кітапхананың инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

19 қазан күні аудандық балалар кітапханасында қазақ ағартушысының Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай "Ыбырай - ақыл - ойдың алыбы" атты әдеби-танымдық сағат өтті.
Шара барысында кітапханашы А.Жаханова Ы.Алтынсариннің мұғалім және ақын, жазушы ретінде қалыптасуы туралы айтып берді. Кітапхана оқырмандары Загипарова Адина, Амантаева Лейла, Нуржан Сезім "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында таңдалған "Өнер - білім бар жұрттар..." кітабынан өлеңдері мен әңгімелерін оқыды. Сонымен қатар, балалар кітапханасының меңгерушісі М. К. Тымбаева кітап көрмеге библиографиялық шолу жасады. Іс - шараға мектептен тыс білім беру орталығының "Көркем сөз" үйірмесінің оқушылары қатысты.

Қыркүйек айының 13-17 күндері аралығында Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында мектептен тыс білім беру орталығының "Жас суретшілер" үйірмесінің балалары арасында «Жемқорлық балалар көзімен» атты сурет байқауы өткізілді. 


Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ерекше балалар-ерекше әлем» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында онлайн сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға үй жағдайында оқитын №1,3,4,5,6 мектеп оқушылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ерекше балалар - ерекше әлем" жобасы аясында «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты үздік сурет байқауының ЕРЕЖЕСІ  


                                                    Байқауды ұйымдастырушы: Аудандық балалар кітапханасы.
✅Мақсаты: Отаның, Туған жерін сүюге , көп ұлтты, бейбіт ел екендігін таныта отырып мақтан етуге, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу.

27 шілде Тоқтар Әубәкіровтің 75 жылдығына арналған "Қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров" атты танымдық сағатты назарларыңызға ұсынамыз. Толығырақ...

14 шілде күні аудандық балалар кітапханасы биыл «Балалар әдебиеті жылы» қолдау аясында «Балалар әдебиеті – рухани қазына» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарды кітап оқуға көбірек баулу, ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу және 2021 жылы балалар жазушыларының мерейтойлы кітаптарын оқырмандар назарына ұсыну және балалар қаламгерлерінің шығармаларымен таныстыру.
Балалар әдебиеті бойынша «Қазақ балалар әдебиетінің зергерлері» атты кітап көрмесі жасалды. Көрмеге: балалар жазушыларының өмірбаяндары мен шығармашылығын қамтитын әдебиеттер таңдалып қойылды.

3 шілдеде аудандық балалар кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Көрікті қала Нұр-Сұлтан» атты онлайн танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеру.
Шара барысында Елорданың тарихы жайлы және осы қаладағы архитектуралық ғимараттар туралы мәлімет беретін «Көрікті қала Нұр-Сұлтан» атты бейнеролик көрсетілді. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары сүйікті қаламызға арналған өлең шумақтарын айтып берді.