,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

2021 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына байланысты Хромтау аудандық кітапханасында "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылып өтті. Байқауға қалалық және ауылдық мектептерінен 7 класс пен 11 класс аралыгындагы оқушылар қатысты. Барлық қатысушылар саны 26 болды. Жүлдегерлерге диплом және сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Хромтау аудандық балалар кітапханасы және аудандық білім бөлімі бірлесіп 2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы" аясында 25 қазан - 10 қараша аралығында қалалық және ауылдық бөбекжай- балабақшалары арасында "Кітаппен бірге өсеміз" атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендждерді кітапхананың инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

19 қазан күні аудандық балалар кітапханасында қазақ ағартушысының Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай "Ыбырай - ақыл - ойдың алыбы" атты әдеби-танымдық сағат өтті.
Шара барысында кітапханашы А.Жаханова Ы.Алтынсариннің мұғалім және ақын, жазушы ретінде қалыптасуы туралы айтып берді. Кітапхана оқырмандары Загипарова Адина, Амантаева Лейла, Нуржан Сезім "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында таңдалған "Өнер - білім бар жұрттар..." кітабынан өлеңдері мен әңгімелерін оқыды. Сонымен қатар, балалар кітапханасының меңгерушісі М. К. Тымбаева кітап көрмеге библиографиялық шолу жасады. Іс - шараға мектептен тыс білім беру орталығының "Көркем сөз" үйірмесінің оқушылары қатысты.

"НҰРЛЫ ЖОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ" байқауының жүлдегері

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Әйтеке би аудан әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаевтың құрметіне арналған "Нұрлы жол жұлдыздары" облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің онлайн байқауына қатысқан Хромтау аудандық кітапханасының оқырманы Нағмет Азамат Муратұлы Жүлделі II орынды иеленді.

15 қазан-Кітапханашылар күніне кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі-Таимова Айгул Жақыпқызы, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері-Абиева Баян Тойбазарқызы, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі-Айтанатова Жанаргүл Бахбергенқызымен "Кітапхана-білімнің күн шуағы" атты онлайн-кездесу сұхбаты өтті.

            2021 жыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына байланысты Хромтау аудандық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, насихаттау;
Өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету;