,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Сентябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

2021 жыл-Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай 24 қыркүйек күні аудандық кітапхана қызметкерлері №7 мектеп-гимназиясының коворкинг орталығында, батыр, қолбасшы Исатай Тайманұлының 230 жылдығына “Ұлт намысының қамшыгері” атты тарихи-танымдық сағат өткізді.

Қыркүйек айының 13-17 күндері аралығында Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында мектептен тыс білім беру орталығының "Жас суретшілер" үйірмесінің балалары арасында «Жемқорлық балалар көзімен» атты сурет байқауы өткізілді. 

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Сіздерді кітапханамыздағы газет-журналдарды оқуға шақырамыз! 

-Балаларға арналған газет - журналдар:
-Айгөлек
-Балдырған
-Айтшы әжетай
-Балақан
-Балапан бағы
-Жыл он екі ай
-Балалар әлемі
-Веселые картинки
-Юный эрудит
-Ұлан



Құрметті оқырмандар!

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына байланысты аудандық кітапхана «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқанындығын хабарлаймыз. Кітапханаға келген басқа келушілердің қауіпсіздігі үшін кіру кезінде қосымшаны қолдануыңызды сұраймыз.


7 қыркүйек күні Хромтау аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай аудандық кітапхана және Хромтау аудандық мәдениет және спорт орталығының ұйымдастыруымен «Тіл-ұлы байлық» атты мерекелік кеш өткізілді. 

 Құрметті ата -аналар!

Сіздің балаңыз әріптерді танып, буын мен сөздерді қосуды үйренді ме?Демек, өз бетімен кітап оқудың уақыты келді. Ал баланың кітап әлемінде жолын жеңіл әрі қызықты ету үшін Хромтау аудандық балалар кітапханасы сізге өз бетімен оқуға арналған кітаптардың топтамасын ұсынады.

 

Құрметті оқырмандар!

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
Хромтау аудандық кітапханасы жаңа оқу жылында толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейді! Білім жолында биік белестерге жетіп, заңғар шыңдарды бағындыра беріңіздер!