,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Июль 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай Кеншілер мәдениет үйінде аудандық кітапхана қызметкерлері жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік шара қонақтарын көрмедегі әдебиеттермен таныстырып,кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды.

Тұңғыш Президент күніне орай Тау-кен техникалық колледжінде "Ел ертеңін ойлаған Елбасы"," Еліміздің еркіндігі Тәуелсіздік" екі бөлімнен тұратын жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері Ақжарқын Махсутқызы көрмеге шолу жасады. Кітап көрмесімен колледж студенттері, мекеме қызметкерлері, мұғалімдер танысты.

Қараша айының 29-30 күндері аралығында аудандық балалар кітапханасында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ашық есік күндері өтіп,мектептерден бастауыш сынып оқушылары келді "Мақтан тұтар ұлы тұлға "тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты -Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміздің жүргізген саясатын,іскерлік қабілетін,болашаққа бағыт -бағдар берген Мемлекет Басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу,жас ұрпаққа насихаттау. Мереке қарсаңында №7 гимназияның 8 сынып оқушыларының қатысуымен Елбасының өмірі мен тұлғалық қасиеттері жайында кең көлемді ақпарат беретін "Менің тұңғыш Президентім " атты танымдық сағат өткізілді.

Аудандық кітапхананың оқу залында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай қарашаның 25-30 күн аралығында «Мақтан тұтар ұлы тұлға» ашық есік күндері өтті.
Ашық есік күндер аясында «Менің тұңғыш Президентім» атты ақпараттық сағат өткізілді.

26 қарашада аудандық балалар кітапханасында "Тәуелсіз елім-тірегі, туған тілім - жүрегім" атты байқауының марапаттау рәсімі өтті. Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы А. Ж.Якен жеңімпаздарды құттықтап дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Шара соңында жүлделі орын алған б/балабақша бүлдіршіндері мерекелік ән шашу тарту етті.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында 25 қараша күні Дөң моделді ауылдық кітапхана қабырғасында ашылған «Парасат жолы» орталығында "Жемкорлыққа жол жоқ" тақырыбында участкілік полиция инспекторы Сагинтаев Рахимжан Тулепбергенұлымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басында парасаттық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру жайында  маңызды әңгіме өрбіді. Шараға Дөң мектеп гимназиясының 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Аудандық балалар кітапханасында оқушылардың күзгі демалысында "Кітаппен дос бол!" атты ашық есік күндері өткізілді.№ 1, 4 орта мектептің 2, 4 сынып оқушылары мен ұстаздары және ата-аналары саяхатқа келді.Оқушылар кітапхананың бөлімдерімен, оқу залы,кітап қорымен танысты.Балаларға кітап көрмелері, оқырман формуляры туралы,кітапханаға қалай жазылу керек, кітаптарды пайдалану, кері қайтарумен оқырманның тәртібі туралы әңгіме жүргізілді.

8 қараша күні Хромтау аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері,белгілі жазушы, драматург, сыншы Сәбит Аймұханұлы Досановпен кездесу өткізілді.Шараға аудандық әкімшілігі,аудандық,ауылдық,қалалық мектеп кітапханашылары, филологтар және оқырмандар қатысты. Кездесуді аудан әкімі Азамат Бекет ашты. Шара барысында сөз кезегі С. Досановқа беріліп жазушы өмірбаяны, кітаптарының жазылу тарихы жайлы кеңінен әңгімелеп берді. 

5 қараша күні Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында  5 класс оқушыларымен  «Асыл қасиет- адалдық, асыл мінез – адамдық» тақырыбында пікір алмасу өтті.  Мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.