,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

2021 жылдың 18 наурызында Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен ауылдық кітапхана қызметкерлері арасында «Бір мемлекет, көп ұлт, түрлі тағам» атты ұлттық тағамдар байқауы өтті. 

Аудандық балалар кітапханасы 17 наурыз-Шаттық күніне байланысты Алдар Көсенің тапқырлығы, айлакерлігі туралы онлайн танымдық сағатын назарларыңызға ұсынады. Алдар Көсенің хикаяларын толық білгіңіз келсе кітапханаға келіңіздер, кітап оқыңыздар!

16 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Өркен күніне байланысты «Ұлттық ойындар-ұлт игілігі» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ұлт мұрасын дәріптеген бұл шараға №3 мектептің 4 сынып оқушылары ұлттық спорт түрлері бойынша сайысты. Оқушылар қол күресі, асық ату және арқан тарту сайысына қатысып күштерін сынасып, мергендіктерімен сынға түсті. Сайыс соңында ұтыс билеті ойнатылды. Бейнеролик: https://goo.su/4qJ0

15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай Хромтау аудандық кітапханасында "Тұтынушылар бұрышы" ашылды. Тұтынушылар бұрышында Сіз осы салаға қатысты көптеген сұрақтарға жауап таба аласыз.

Хромтау аудандық кітапханасында көрісу күні ұйымдастырылды. Көрісу күні тек адамдардың бір - бірімен амандасып, жақсылық тілеп қауышу мерекесі ғана емес сондай -ақ үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Міне осы мақсатта кітапханаға келген оқырмандарымызға ізгілік көрсетіліп, ілтипат танытылды.
Баршаңызды көктем лебімен бірге келетін Көрісу күнімен құттықтаймыз! Бейбіт және бақытты өмір, жақындарыңыздың аман-саулығын тілейміз!

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 14-20 наурыз аралығында khromtau_kitapkhana инстаграм желісінде өтетін өтетін "Наурыз оң болсын, ақ мол болсын!" атты ұлттық мәдени онлайн шараларды тамашалауға шақырамыз!

Құрметті оқырмандар!

     Сіздерді Хромтау аудандық кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсанында жасақталған «Дәстүрлер жаңғырығы» этнобұрышын және "Наурыз оң болсын, ақ мол болсын!” , «Бір мемлекет, көп ұлт, түрлі тағам», "Кулинарные шедевры классиков" көрмелерін тамашалауға шақырамыз!Келіңіздер, көріңіздер!

4 наурыз күні кітап оқуға тарту мақсатында № 7 мектеп-гимназиясының кітаханашысы Жақсыбай Қ.С. және аудандық балалар кітапханасы бірлесіп «Кітаптар еліне саяхат» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Аудандық балалар кітапханасында  Алғыс айту күніне орай оқырмандардың  қатысуымен "Алғыс жүректен шығады" атты тәрбие сағаты өткізілді

Сегодня особенный день, когда мы, библиотекари района, можем сказать свое БОЛЬШОЕ СПАСИБО тем, кто помог библиотеке развиваться, не стоять и не топтаться на одном месте. Всем, кто не остался в стороне от проблем библиотеки, активно включался во все наши начинания.