,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Июль 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
Құрметті оқырмандар!
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. "Бір ел- бір кітап" акциясы аясында Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары», Бақытжан Канапьянов 

 

27 шілде Тоқтар Әубәкіровтің 75 жылдығына арналған "Қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров" атты танымдық сағатты назарларыңызға ұсынамыз. Толығырақ...

Құрметті оқырмандар!
16 шілде Латиф Хамидидің туғанына 115жыл толуына орай "Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасының негізін қалаушы Латиф Хамиди" атты танымдық сағатты назарларыңызға ұсынамыз.  
https://www.instagram.com/tv/CRYSWhgnFA4/?utm_source=ig_web_copy_link

 

14 шілде күні аудандық балалар кітапханасы биыл «Балалар әдебиеті жылы» қолдау аясында «Балалар әдебиеті – рухани қазына» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарды кітап оқуға көбірек баулу, ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу және 2021 жылы балалар жазушыларының мерейтойлы кітаптарын оқырмандар назарына ұсыну және балалар қаламгерлерінің шығармаларымен таныстыру.
Балалар әдебиеті бойынша «Қазақ балалар әдебиетінің зергерлері» атты кітап көрмесі жасалды. Көрмеге: балалар жазушыларының өмірбаяндары мен шығармашылығын қамтитын әдебиеттер таңдалып қойылды.

3 шілдеде аудандық балалар кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Көрікті қала Нұр-Сұлтан» атты онлайн танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеру.
Шара барысында Елорданың тарихы жайлы және осы қаладағы архитектуралық ғимараттар туралы мәлімет беретін «Көрікті қала Нұр-Сұлтан» атты бейнеролик көрсетілді. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары сүйікті қаламызға арналған өлең шумақтарын айтып берді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Домбыра күніне орай аудандық кітапханада және Дөң, Ақжар, Бөгетсай моделді ауылдық кітапханаларында домбыра күніне орай күй атасы-Құрманғазы күйлерін насихаттау мақсатында кітапханаға келген оқырмандарға «Ерке сылқым»,» «Ақсақ киік», «Адай», «Көңіл ашар», «Көңіл толқыны», «Сарыарқа» т.б күйлері тыңдалды.