
Хромтау аудандық кітапханасында жас дарын Серіктай Марселдің сурет көрмесі ұйымдастырылды.Биыл наурыз айында жас дарын Серіктай Марсель Art Dubai көркемөнер шығармашылығының дүниежүзілік көрмесіне қатысты.Марсель жалпы топта өнер көрсетіп, жұмыстары ересек кәсіби дарын иелерімен бірдей бағаланып 2 орынды иеленді. Оның шеберлігіне таңғалған Дубай шейхі суретші баланы өзіне қонаққа шақырды. Кейін шейх Серіктай Марсельге екі тілдегі энциклопедияны сыйлаған.