
Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде "Бір ел -бір кітап" Республикалық акциясы аясында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына және "Оқитын өлке" облыстық акциясы аясында биыл туғанына 90 жыл толатын ақын Қуандық Шаңғытбаевтың "Шайыр" атты өлеңдер жинағын насихаттау мақсатында "Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер" - атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.