Ою ойғанның ойы артық
2017 жылдың наурыз айынан бастап аудандық кітапханада «Алтын жас» клубы ашылды. Клуб екі айда бір реттен кітапханада жиналып іс-шараларға қатысып отырады. 23 мамыр күні аудандық кітапханада «Алтын жас» клуб мүшелерінің қатысуымен «Ою ойғанның ойы артық» тақырыбын да эстетикалық тәрбие сағаты өткізілді. Клуб мүшелері: Абдрахманова Рыстыгүл, Нурмуханова Бекзада, Туражанова Гүлшат, Достанова Набира, Марзия әжей қатысты.
Клубтың мақсаты: жеткіншектердің кестетігу мен ою-өрнек қиып, тоқыма тоқып тағы басқада қолөнерден едәуір хабардар болуын, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де жасөспірімдердің рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру балаларды қазақтың қол өнер бұйымдарымен таныстыру.
Кітапханашы Т.С.Жиембаева қазақтың ұлттық ою-өрнектер, олардың шығу тарихы, ерекшеліктері, қолданылуы туралы айтып,ұлттық ою-өрнек туралы жазылған энциклопедияларымен таныстырып шолу жүргізді. Кешіміздің қонағы «Алтын жас» клубының мүшесі шебер Марзия әжей өз қолынан жасаған бұйымдары алып келіп, әңгімелеп айтып берді. Кесте тоқу, құрақ құрау, шілтер тоқу әдістері туралы айтып, көрсетті. Әсіресе 82 жастағы шебер Марзия әже ілмекпен тоқығанда тек балаларды емес үлкендерді де таңқалдырды . Сөз кезегінде МТББОрталының «Қол өнер» үйірмесінің жетекшісі Ғалия Байғалиева:Қазақтың ою - өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда "Өз үйінде ою оймаған адам кісі үйінде сызу сызады"- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді деп балаларға оюларды қағазға салдырып, оларды қидырып, оның қандай ою екендігін түсіндірді. Балалар қазақтың қолөнері туралы көп мағлұматтар алып, кеш барысында сұрақтар қойып өздерінің қызығушылықтарын білдіріп отырды. Қонақ кәде ретінде МТББОрталығының «Шабыт» би үйірмесінің оқушысы Жұмағали Еркеназ «Аққу» биін, саз мектебінің оқушысы Арынғазы Аманкелді Н.Тлендиевтің «Ерке сылқым» күйін тарту етті.
|