,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
Знаменательные даты

2013 жылы атап өтілетін және еске алынатын айтулы күндер тізбегі

ҚАҢТАР
1 қаңтар
- мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 70 жыл (1.01.1943).

1 қаңтар – қазақ жазушысы, балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуовтың туғанына 75 жыл (1938-2006).

1 қаңтар - филология ғылымының кандидаты, доцент Роза Қазиқызы Мұхамбетқалиеваның туғанына 60 жыл (1953).

18 қаңтар - ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл (18.01.1873-8.12.1938).*

23 қаңтар – тарих ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Олег Щелоковтың туғанына 60 жыл (1953).

АҚПАН
2 ақпан
- әнші-композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың туғанына 65 жыл (1948).

10 ақпан – публицист, әдебиетші, аудармашы Зейнолла Серікқалиевтың туғанына 75 жыл (1938-2004).

20 ақпан – география ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Валентин Амельченконың туғанына 60 жыл (1953).

20 ақпан – филология ғылымының кандидаты, БҚМУ доцентІ Кабира Кабошқызы Биалиеваның туғанына 70 жыл (1943).

22 ақпан – тарих ғылымының докторы, БҚМУ доценті Әсет Сембайұлы Тасмағамбетовтың туғанына 50 жыл (1963).

26 ақпан – педагог, мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Сарықызы Әйтімованың туғанына 60 жыл (26.02.1953).

Ақпан – «Абай» журналының жарық көре бастағанына 95 жыл (1918).

Ақпан – «Жұлдыз» журналының жарық көре бастағанына 85 жыл (1928).

НАУРЫЗ
8 наурыз
– қазақ тіл маманы, филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың туғанына 85 жыл (8.03.1928)

11 наурыз – қазақ тілі маманы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың туғанына 120 жыл (11.03.1893-5.04.1958)

22 наурыз –педагогика ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Илья Ломоносовтың туғанына 75 жыл  (1938).

СӘУІР
3 сәуір
– халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 140 жыл (3.04.1873-18.05.1919)

3 сәуір – тарих ғылымының кандидаты, профессор, ғалым-тарихшы, өлкетанушы Павел Букаткиннің туғанына 90 жыл (1923).

10 сәуір – Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру туралы заңының қабылданғанына 20 жыл (1993).

23 сәуір – тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты, педагог Қарашаш Халелқызы Досмұхамедованың туғанына 90 жыл (23.04.1923).

23 сәуір – жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 95 жыл (23.04.1918-30.12.2006).*

26 сәуір – педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл (24.04.1883-23.04.1939).*

МАМЫР
2 мамыр
– филология ғылымының докторы, профессор, академик Кәкен Аханұлы Ахановтың туғанына 85 жыл (2.05.1928-18.08.1978).

4 мамыр – қазақ әдебиетшісі, филология ғылымының докторы, педагог, профессор Зәки Ахметовтың туғанына 85 жыл (4.05.1928-2003).

9 мамыр – химия ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Ақтоты Болатқызы Ниязбекованың туғанына 50 жыл (1963).

12 мамыр – филология ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Ағилаш Әділқызы Ниязғалиеваның туғанына 55 жыл (1958).

15 мамыр – филология ғылымының докторы Нұржамал Оралбайқызы Оралбаеваның туғанына 85 жыл (15.05.1928).

15 мамыр – Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің құрылғанына 85 жыл (15.05.1928).

30 мамыр – композитор, өнертану докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Борис Ерзаковичтің туғанына 105 жыл (30.05.1908-2.05.1997).

МАУСЫМ
13 маусым
– философия ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Құрманай Мадиқызы Науанованың туғанына 55 жыл (1958).

23 маусым – музыка зерттеушісі, профессор Петр Васильевич Аравиннің туғанына 105 жыл (23.06.1908-29.05.1979).

25 маусым – ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 120 жыл (25.06.1893-19.03.1938).*

ШІЛДЕ
11 шілде
– қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жыл (11.07.1858-2.10.1931). *

27 шілде – композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановтың туғанына 65 жыл (1948).

ТАМЫЗ
9 тамыз
- өнертану ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Галина Гурьеваның туғанына 65 жыл (1948).

15 тамыз – ақын, ҚР халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың туғанына 85 жыл (1928-1994).

15 тамыз – экономика ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Галина Нестеренконың туғанына 55 жыл (1958).

21 тамыз - педагогика ғылымының докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің туғанына 60 жыл (1953).

30 тамыз - қазақ мектебіне арналған орыс тілі оқулықтарының авторы Шаймақова Рауза Қуандыққызының туғанына 80 жыл (30.08.1933).

ҚЫРКҮЙЕК
2 қыркүйек
– жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 95 жыл (02.09.1918-1987)

3 қыркүйек – ағарту ісінің көрнекті қайраткері Әуезхан Қанафияұлы Қанафиннің туғанына 85 жыл (3.09.1928).

4 қыркүйек – қазақтың ақын қызы Жадыра Дәрібаеваның туғанына 65 жыл (1948).

8 қыркүйек - ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты Нұржан Рахметұлы Молдахановтың туғанына 55  жыл (1958).

13 қыркүйек – қазақ балетмейстері, ҚР халық әртісі Аюханов Болат Ғазизұлының туғанына 75 жыл (1938).

26 қыркүйек – тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың туғанына 75 жыл (26.09.1938).

26 қыркүйек - жазушы Тайыр Жароковтың туғанына 105 жыл (26.09.1908-1965).

ҚАЗАН
1  қазан
- педагог, жазушы, аудармашы Спандияр Көбеевтің туғанына 135 жыл (1.10.1878-2.12.1956)

2 қазан – ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі, актер Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың туғанына  65 жыл (1948).

13 қазан - ҚР халық әртісі, композитор Әсет Бейсеуовтің туғанына 75 жыл (1938-1996).

15 қазан - философия ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Есенгелді Шмырұлы Ниязовтың туғанына 70 жыл (1943).

25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 90 жыл (25.10.1923-1994).

28 қазан – ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 120 жыл (28.10.1893-21.05.1920). *

29 қазан – қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 90 жыл (29.10.1923).

ҚАРАША
5 қараша
– Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендияларын белгілеу туралы қаулысына 20 жыл (5.11.1993).

15 қараша - педагогика ғылымының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлының туғанына 50 жыл (1963).

ЖЕЛТОҚСАН
5 желтоқсан
- қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымының докторы, профессор Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиевтің туғанына 95 жыл (5.10.1918).

11 желтоқсан – биология ғылымының кандидаты Зоя Сахарнованың туғанына 65 жыл (1948).

24 желтоқсан – Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 85 жыл (24.12.1928-2001).

25 желтоқсан - жазушы Хамза Есенжановтың туғанына 105 жыл (25.12.1908-1975).*

27 желтоқсан – қазақ тілінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор Сәрсен Аманжолұлы Аманжоловтың туғанына 110 жыл (27.12.1903-21.01.1958).

28 желтоқсан – биология ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Владимир Мельниковтың туғанына 60 жыл (1953).


Айы мен күні белгісіз 2013 жылы еске алынатын күндер


- педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Ы.Алтынсарин  атындағы Қазақтың білім академиясы) ашылғанына 80 жыл (1933).

- көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына  115 жыл (1898 қараша-1937).

- қазақтың атақты әншісі, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте күміс медаль алған Әміре Қашаубаевтың туғанына 125 жыл (1888-1934).

- қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 155 жыл (1858-1931).

- ақын, сазгер Ақан сері Қорамсаұлыныңтуғанына 170 жыл (1843-1913).

- ақын Мұрат Мөңкеұлыныңтуғанына 170 жыл (1843-1906).

- суырып салма ақын Шортанбай Қанайұлыныңтуғанына 195 жыл (1818-1881).

- Шал ақынның туғанына 265 жыл (1748-1819).

- Бұқар жыраудың туғанына 345 жыл (1668-1781).

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.