Наурыз айының 1 күні сағат 15:00де аудандық кітапханада аудандық мәдениет үйі, аудандық орталықтандырылған кітапхана және Хромтау аудандық тарихи - өлкетану музейі бірігіп «Алғыс - сөздің асылы »мерекелік кеш өткізілді. Елбасының Жарлығына сәйкес,елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні болыпжарияланғаныбелгілі. Бұл мереке елімізде екінші рет тойланып отыр. Бұл күні адамдар бір- біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір- біріне алғысын айтады. Осы себеппен кешіміздің қонақтары Елемесова Мәрзия апай, Бекжанов Жомарт ағай - бұл кісілер музей қорына көне жәдігерлер , құнды кітаптар тапсырған және Жұмағалиева Мариам Төреғалиқызы- ауданымызға белгілі тіл жанашыры.Сонымен қатар, Сейтимбетова Ақбике Габбасовна, Уразбаева Өтебике Әлиқызы,Тюлебаева Алмагүл апай- мәдениет саласының зейнеткерлері. Кештің алғы сөзі Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елеутов Қайрат Нағашыбайұлына содан соң мекеме директорларына Бибігүл Ұзақпайқызына, Айгүл Жақыпқызына және Хромтау аудандық тарихи -өлкетану музейінің қор сақтаушысы Гүлсім Шәмшатдинқызына берілді. Кешімізге келген қонақтар да өздерінің лебіздерін білдірді және де келген оқушыларының бірі класс жетекшісіне алғысын білдірді. Кеш барысында Хромтау аудандық мәдениет үйінің термешісі Утеулиев Естай, жас әншілері Хусаинов Жасұлан, Мырзахметова Жазира, Токин Жеткерген, «Алтын дән» халықтық би ансамбілінің мүшесі Мусина Аяжан және ауданымыздың жас күйшілері өздерінің өнерлерін көрсетті.Кітапханашы Жиембаева Т.С «Алғысым шексіз Бабаларыма» айдарымен дайындалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.
|
|