Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариам Төреғалиқызының 80 жасқа толуына орай өткізілген «Ана тілім-өмірімнің айғағы» атты кездесу кеші туралы
Тау кең техникалық колледжінің акт залында 2017 жылдың 3 наурызында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариам Төреғалиқызының 80 жасқа толуына орай аудан әкімінің қолдауымен,Хромтау аудандық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана тілім-өмірімнің айғағы» атты кездесу кеші өткізілді.Кешке Мариам Төреғалиқызының шәкірттері,туыстары,әр жылдары қызметтес болған әріптестері, мекеме басшыларымен қатар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының төраға орынбасары Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы, Мұғаджар аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Құрал Байсұлтанұлы қатысты. Кеш барысында апайдың өмір жолы мен қызметі бейнеролик,слайд арқылы баяндалды.Ұстазы оқушыларын тақтаға сабақ айтуға шақырғандай шәкірттерін сахна төріне шақырып керемет кездесу болды.Мектепте қызмет атқарып жүрген кездердегі қызықты оқиғаларды шәкірттері еске түсіріп,Сағынжан Дильманов дайындап келген әндерін шырқап мектеп вальсін биледі.Шәкірті Баянғали Құлтаев сыныптастарының атынан сөз сөйледі.Уақыттың тығыздығына байланысты,келген қонақтардың барлығының тілек білдіруге мүмкіншіліктері болмағандықтаң, зал бойынша тілек альбомы ұсынылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері сахнаға шығып әсем әндерімен көңіл көтерді. Кеш соныңда Мариам Төреғалиқызы шың жүректен алғысын білдірді. Кешті Хромтау аудандық кітапхана қызметкерлері А.Ж.Таимова және Б.Т.Абиева екі тілде жүргізді.
|
|
Популярные теги
Новости Казахстана
- XML error in File: http://www.zakon.kz/rss.xml
- XML error: Mismatched tag at line 54
«Ана тілім-өмірімнің айғағы»
- 7 марта 2017
| - 10:03
| - Admin
| - Шаралар/Мероприятия
| - Комментарии: 0
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.