Аудандық
кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесіне орай «Ана-тіршіліктің
тірегі» атты оқырман аналар арасында сайыс өткізілді.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілікті, мейірімді арттыру; Оқушыларды мейірімділікке,
аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.Оқырмандардың кітап оқуға, әдеби
жанрларға деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс төмендегідей
шарттар бойынша өткізілді:
Өзін-өзі таныстыру,
«Дәм думан» тағамдар сайысы, «Көтерейік көңілді ән-жырменен» өнер көрсету
сайысы, Зерделінің ойы озық (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар), «Білімдіден
шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (ақын –жазушылар шығармалары туралы
сұрақтарға жауап беру).
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Қосжанова Э.М- тәрбиеші ,№8 «Тұлпар» балабақшасы – І орынға, Құрманбаева Г.А –тәрбиеші, №7 «Еркетай» балабақшасы-2 орынға, Есеркепова С.Ж- тәрбиеші, №4 «Гүлдер» балабақшасы-3 орынға, Омарова К.Ш- аудандық музей қызметкері-3 орынға,
Жауымбаева А.Ұ-
мұғалім, мектептен тыс білім беру орталығы және Мусина Қ.А- оқырман ынталандыру сыйлықтарымен алғыс хаттарға ие
болды.
Нәзік жандарды
мерекелерімен құттықтай отырып, жергілікті ақын Реймов Қ.Е. «Әйел-Ана» жыр
шумақтарын тарту етті.