,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
«Кітап – сарқылмас рухани қазына»

 «Кітап – сарқылмас рухани қазына»

   «Контакт» зерттеулер мен жобалар орталығы» ҚБ-нің      ұйымдастыруымен Елордамыз Астананың 15-жылдығына және  қазақ ақын-жазушыларының шығармаларына арналған «Кітап –  сарқылмас рухани қазына» атты аудандық байқау өткізілді.  Байқауға кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақжар  ауылынан «Қазына» тобы, Бөгетсай ауылынан «Болашақ»  тобы,Хромтау қаласынан «Хобби» тобы қатысты. Мақсаты:  Нәзік те, тұнық әлем-кітап!- дей келе, ұлтымыздың мерейі мен  деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда  келтіретін рухани мұра-кітапты насихаттау.

Байқауға қатысушылар  төмендегідей шарттар бойынша бақтарын сынады.

1.«Сәлем сөздің - анасы» (әр топтың таныстырулары)
2.«Тосыннан тапсырма, тосылған тапқыр ма?»
    (үй тапсырмасы: кітап және кітапхананы насихаттау)
3.«Өзіңе сен қашанда алып шығар, Еңбегің мен білімің  екі жақтап» (Қазақстан тарихына арналған сұрақтар);
4. «Көш басшысына жету» - шығарма үзіндісінің авторларын анықтау.

5.«Сүйікті туған өлкем» (прозалық шығармалардан үзінді оқу. Әр топтан сахнаға бір адамнан шығады).

 Қашанда әділдік үшін қазыға жүгінетін халықпыз. Сондықтан да қазылар алқасына аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мариам Төреғалиқызы,  жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы Гүлнар Әбдісаматқызы, «Контакт» зерттеулермен жоба орталығы қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Мейрамгүл Нұралықызы,Тілдерді оқыту орталығының директоры Имекешева Құралай Марданқызы төрелік етті.Байқауға қатысушылар қойылған шарттардан мүдірмей өтіп, әділқазылар алқасы тарапынан І-орынға «Болашақ» тобы, ІІ-орынға «Хобби» тобы, ІІІ-орынға «Қазына» тобы -ие болып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерге әсем әндерімен көтеріңкі көңіл сыйлады.


«Кітап – сарқылмас рухани қазына»«Кітап – сарқылмас рухани қазына»


«Кітап – сарқылмас рухани қазына»«Кітап – сарқылмас рухани қазына»

 











 

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.