,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
Балалар кітабы апталығы
 29- наурыз күні Апталықтың ашылу салтанатына сынып жетекшілерімен бірге №1,3,5 мектептің  1-5 сынып оқушылары қатысты. Дәстүрге сай «Кітап-ғажап әлем» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге балалар кітабының атасы Қадір Мырза-Әлінің томдық кітаптары мен Т. Молдағалиев, Ы.Алтынсарин, С. Мұратбеков, Б.Соқпақбаев сынды  жазушылардың  кітаптары сондай-ақ әлем балалар әдебиетінің үлгісінен   шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары да көрініс тапты. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытып отырды. Балалар жазушысын біразы білсе, көбі білмей жатты. Сол себепті балаларды өз өлкесі мен туған жерінің тарихын, ақын-жазушыларын білу, таныту мақсатында  көптеген    қаламгерлермен олардың туындылары  жайлы мағлұмат берілді.  

   


 30- наурыз күні Кітап апталығы бағдарламасына сәйкес «Ертегілер еліне саяхат» ертеңгілігі өткізілді. Балалардың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстыру мақсатымен «Бір, екі, үш! Ертегі әлеміне түс!» атты жұмбақ-ойын ұйымдастырылды. Балалар «Сөзді аяқта», «Ертегі кейіпкерлерді тап» т.б. ойындарын көңілді ойнап, жаңа кітаптардан оқыған ертегілерді қызыға тыңдады. Балалардың қатысуымен «Бауырсақ», «Аңқау қасқыр» қойылымдары көрсетілді. Іс-шара барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ», «Дос іздеген бота» және «Жетілақ» ертегілері дауыстап оқылды.  Іс-шара соңында барлық қатысушы балаларға «Кітапты пайдалану ережелері» атты жадынама таратылды.

   


 3- сәуір күні «Кітап- алтын қазына» сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Балалардың  көктемгі демалысы тек қана қызықты болмасын деп, оның пайдалы болғанына, жұмыстың әр түрлі ойын үлгілерін пайдаландық. Балаларға өте қызықты болған «Кітап кейіпкерін тауып ал» - әдеби саяхат. «Жақсы кітаппен дос бол» кроссворды, білгіштің жұмбақтары, аңыз әңгімелерді сахналау, - бұның бәрі іс-шара бағдарламасына кірді. Балалар көңілді ойындарға, сайыстарға белсенді болып қатысты. 
   


 5-сәуір күні құстар күніне арналған «Құстар – табиғат байлығы» атты танымдық сағаты өткізілді. Дәстүрге арналған бұл мерекенің мақсаты құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін оқушылардың сана-сезіміне жеткізу, табиғатты қорғауға баулу. Мерекеге №3,5 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Балалар бір-бірімен танысып, түрлі ойындар ойнап, сурет салып, слайд тамашалап, құстар туралы ертегілерден көріністер қойып, жұмбақтар шешті. 

   


 6-сәуір күні Балалар кітабы апталығының жабылу салтанатына орай «Әрқашан оқырман боламыз» атты мерекелік  кеш өткізілді.  Іс-шараға № 3 мектептің   3 «ә» ,4 «а», 4«ә» сынып  оқушылары мен мектеп кітапханашысы Талтанова А.А., №5 мектеп-гимназияның  2 сынып оқушылары  мен класс жетекшісі Закирова А.Б., сонымен қоса 3-5  сынып оқушылары қатысты .Балаларға әр түрлі әдеби жанрлар  негізінде  қызықты танымдық бағдарлама әзірленді. Балалар өздерінің әдеби шығармалары мен кейіпкерлерді саралау қабілеттерін және астарлы сөздерді,  кітап кейіпкерлер әрекеттерін түсінулерін  көрсете алды. Кеште білімді, белсенді оқушылар  және ұстаздар мен кітапханашылар  алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар берілді.

   

Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы
Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.