,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
« Шәмші – әннің шынары»

     Биыл вальстің королі атанған қазақтың танымал композиторы, «Қазақ вальсінің королі», «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым» сияқты көптеген лирикалық әндердің авторы. Шәмші   Қалдаяқовтың  туғанына 83 жыл. Осы орайда 15 тамыз күні Хромтау аудандық кітапханасында қазақтың біртуар ұлына арнап іс-шаралар  ұйымдастырылуда. Сондай шараның « Шәмші  – әннің шынары» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке мектеп оқушылары  және тұрақты оқырмандар қауымы қатысты.  Шараның   мақсаты жастар санасында Шәмші есімін жаңғырата түсу, оның әндерімен жас буынды елжандылыққа тәрбиелеу және де  Шәмшінің туындыларын кеңінен насихаттай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу болып табылады.  Шәмші   Қалдаяқов  1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданынына қарасты Сарыкөл елді-мекенінде дүниеге келген. Оның бала жастан әнге құмарлығы қазақ әнінде өзіндік қолтаңбасымен үлкен сеп болды. Тума талант иесі артына мәңгілік өшпейтін мұра ретінде талай әндерді қалдырды. Оның әрбір әуезді әсем әндері халықтың жүрегінде жатталып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Өйткені, қай-қайсысынан Шәмшінің әнін сұрай қалсаң, мүдірместен сазды әуенімен әсірелеп айтып береді. Тіпті, бүгінде «Менің Қазақстаным» әні бүгінде Мемлекеттік әнұранға айналды. Шара  барысында  Шәмші  Қалдаяқовтың өмірінен деректер келтіріліп, композитор шығармашылығынан туындылар орындалды. Және де Шәмші әндері әуелеп, арнау өлеңдер оқылды. Шәмшінің көзін көремесе де, оның әнін білмейтін қазақ сірә да жоқ шығар. Өйткені, әрбір жас Шәмшінің әнін естіп өсті. Оның әндері тойдың да, мерекенің де сән-салтанатына айналды. Қазақтың біртуар ұлы 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды. 

« Шәмші  – әннің шынары»

 





 

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.