,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Уважаемые пользователи!
Этот сайт больше не обновляется.

Для просмотра новых новостей, мероприятий и другой актуальной информации перейдите на официальный сайт Хромтауской районной библиотеки.

Перейти на новый сайт hrb.kz

Календарь

«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
«Домбыра үні»
 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Домбыра күніне орай аудандық кітапхана, мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейінің  ұйымдастыруымен алғаш рет «Домбыра үні» атты мерекелік шара өткізілді. Қазақ халқының музыкалық мұрасы – домбыра түрлері мен домбыра өнерінің пайда болуы, аспаптың шығу тегі жөнінде ақпарат бере отырып, жас ұрпақтың  домбыраны үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген шара барысында аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұргүл Аманғалиева домбыраның шығу тегі, пайда болуы жайында баяндама оқыды. Шара барысында мәдениет үйінің домбырашысы Ғани Бейсенов Жәнібек Кәрменовтың «Жігіттерге өсиет» атты термесін, ауданымыздан түлеп ұшқан домбырашы Жанболат Аманғалиев Құрманғазының «Серпер», «Алатау» күйлерін көрермендерге тарту етті. Домбыра үйірмесінің шәкірті Батыр Қайназар Дәулеткерейдің «Ерке сылқым», Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін орындады. Терме үйірмесінің жетекшісі Естай Утеулиев Тұрмағамбет пен Наурызбектің термелерін, ал терме үйірмесінің шәкірті Сымбат Нұржанқызы «Ағайша» әнін орындап қалың көпшіліктің ықыласына бөленді. Кітапханашы Мөлдір Жанаева «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарға қазақ музыка өнерімен таныстыратын кітаптарды оқуды ұсынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген мерекелік шарада көрермендер домбыра жөнінде біраз мәлімет алды. Мереке соңында «Қазақ тілі» қоғамының төрайым Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызы домбыраға арнап мерекелік күн белгілеген Елбасының Жарлығын ерекше бағалады. Қазақ халқының осындай тәрбиелік мәні бар мерекелеріміздің көп болуына тілектес екенін білдірді.
   
«Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні»
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.