,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ
 13 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған 15 сәуір-15 маусым аралығында жарияланған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн байқаудың қорытынды кеші өтті. Шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Амангүл Кабибуллина және Хромтау ауданы ауылдық округтерінің кітапханашылары мен өнерпаздар қатысты. Шара барысында қазақтың ұлы ақыны Абай өмірінен көрініс қойылып, аудандық мәдениет үйінің әншісі Жасұлан Хусаинов Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнін, өнерпаз Айтқали Жайымов «Шаттық» күйін көрермендерге ұсынды. Үш бағыт бойынша өткен сайыстың жүлдегерлерін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов және сайысқа қазылық еткен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова марапаттады. Сайыстың қорытындысы бойынша «Абайға арнау» номинациясы бойынша І орынды Табантал ауылдық округінің ақыны Алтынбек Ермаханов, ІІ орынды Сарысай ауылынан Айгүл Бұхарбаева мен Тасөткел ауылдық округінен Маржан Әлмұқан иеленсе, ІІІ орынға тассайлық ақын Жақсығали Өтебалин ие болды. Эссе байқауында сарысайлық Даража Мұқашева оза шықса, ІІ орынды Никельтау ауылдық округінен келген Көркемай Алдаберген, ІІІ орынды Бөгетсай ауылдық округінің атынан қатысқан Айжан Елеусізова қанағат тұтты. Бейне жолдау бағытында бөгетсайлық Асылзат Қалбанова жеңіске жетсе, ІІ орынды Тасөткел ауылдық округінен келген Азамат Нағымет, ІІІ орынды Инабат Әріп жеңіп алды. Байқау жүлдегерлері мен қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, шараға белсене қатысқан ауылдық округ кітапханашылары марапатталып, Тасөткел ауылдық округінің кітапханашысы Сандуғаш Талапбаева «Үздік -Абайтанушы» номинациясын иеленіп, арнайы сыйлыққа ие болды.     

ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.