17 қазан күні аудандық кітапханада жылма жыл дәстүр бойынша өтетін облыстық
балалар кітапханасының ұйымдастыруымен
халық ақыны, айтыскер, жыршы-жырау Н.Байғаниннің шығармашылығына
арналған «Байғанин оқулары» аудандық көркемсөз оқу сайысы өткізілді. Мақсаты:
ақын Н.Байғанин шығармаларын насихаттау; Кітап оқу мәдениетін жетілдіру. Оқырмандар
назарына «Ақынның асыл мұрасы»атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу
жасалып, слайд көрсетілді. Байғанин
оқуларының І-кезеңінде қатысушылар
ақынның өлеңдерін, дастандарынан үзінділерін мәнерлеп жатқа айтты. ІІ-кезеңде қатысушылар ақынның шығармашылығы бойынша
сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың мәнерлеп оқуы мен сахна мәдениетіне
басты назар қойып қазылар алқасы өз бағаларын берді. Қазылар алқысының
мүшелері: Аудандық қазақ тілі
қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мариям Төреғалиқызы, мектептен тыс білім беру
орталығының «Өлең өрнектері» үйірмесінің жетекшісі Оразова Жанат Есетқызы,аудандық
кітапхананың әдіскері Абиева Баян Тойбазарқызы. Нәтижесінде І
орын – Бақыт Ақбота/Бөгетсай мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы, ІІ-орын –
Князбаева Гүлбақыт/ №3 мектеп 11 сынып
оқушысы, ІІІ-орын – Утегалиева Гүлзат /№3 мектеп 6 сынып оқушысы жеңімпаз атанды.№6 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Зайткерей Іңкәр сайысқа белсене
қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Қатысушыларға естелік сыйлықтармен,
дипломдар табысталды. Сондай-ақ I орынды жеңіп алған Бақыт Ақбота Н.Байғанин
атындағы облыстық балалар кітапханасында өтетін «БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ» атты
облыстық көркемсөз оқу сайысына жолдама алды . |


