|
30 наурыз күні аудандық кітапхананың оқу залында балалар кітабы апталығы аясында «Таңғажайып ертегілер әлемінде» атты әдеби саяхат өтті. Шараның мақсаты: ертегілер туралы түсінік беріп, білуге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстырып, ой-өрісін кеңейтуге көмектесу. Балалардың көңілдерін көтеріп қуаныш сыйлау. Бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыруда ертегілердің маңызы зор. Тапқырлық пен төзімділікке, достыққа тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап өскен бала мейірімді, үлкенді сыйлайтын, өз елін қорғайтын азамат болып өсуіне ықпал етеді. Осы шара барысында кітапхана қызметкерлері әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп балалармен ойын ойнап, қойылым көрсетті. Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлеріне байланысты жұмбақтар қойып,сонымен қатар балаларға арналған ойындар, қызықты сайыстар өткізілді. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Тамара «Кітап – сарқылмас рухани әлем » атты кітап көрмесімен таныстырды. Көрмедегі әсем безендірілген ертегі, әртүрлі ойындар туралы кітаптарға, балалар қызығушылық танытты. Бұл өткізілген шараға №3,5 мектеп оқушылары мен Мектептен тыс білім беру орталығының «Шабыт» би үйірмесінің қыздары белсене қатысты. |
Популярные теги
Уважаемые пользователи!
Этот сайт больше не обновляется.
Для просмотра новых новостей, мероприятий и другой актуальной информации перейдите на официальный сайт Хромтауской районной библиотеки.
"Таңғажайып ертегілер әлемі"
- 4 апреля 2019
| - 06:04
| - Admin
| - Шаралар/Мероприятия
| - Комментарии: 0
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
