,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
Балалар кітабы апталығы
 

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 28 наурыз және 2 сәуір күндері аралығында оқушылардың көктемгі демалыстарын тиімді өткізу мақсатында балалар кітабы апталығы ұйымдастырылды. Апталық бойы кітапханада өткізілген іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 14 жастағы балаларды қамтыды. Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді.Басты мақсаты - кітап заманымыздың өмірі, рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып , үлгі - өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына - кітап әлеміне шолу жасау. Балалармен апта бойына «Көңілді поезд», «Өнеріңді көрсет», «Адасқан әріптер», «Кім білгір» атты ойындар ойналды. Онда балалар әр түрлі тақырыпта жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып жарысты, мақал – мәтелдердің соңын жалғастырып, көңілді мультфильмдер көрсетіліп, ертегілер оқылды. Қызықты математикалық және логикалық есептер шешу арқылы балалардың шапшаңдығы мен ойлау қабілеттерінің жетіктігі тексерілді. Балаларға кітапхана ережесі жазылған жадынама парақшалары таратылды. Екінші сәуір кітап апталығының жабылу салтанаты күнінде, апта бойы өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 28 марта по  2 апреля в отделе детской литературы районной библиотеки с целью эффективного использования свободного времени школьников  во время весенних каникул  была проведена   Неделя детской книги.  Цель -популяризации детской книги и чтения, стимулирования интереса к чтению; возвращение престижа книги и чтения, привлечение новых читателей. 2 апреля в Международный день детской книги прошло закрытие Недели книги. Ребята приняли участие в интеллектуальной  викторине,  разгадывали загадки и пословицы, соревновались в решении логических задач.  В  завершение  праздника были розданы памятки о правилах библиотеки, как беречь книгу.Всем участникам школьникам  и их организаторам были вручены благодарственные письма и ценные подарки.

 

 

 

   

Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.