«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Жазушылар Одағының 85 жылдығы аясында өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру,өлеңдерін көпшілік оқырманның жүрегіне жеткізу мақсатында 29 қараша күні аудандық кітапхананың оқу залында поэзия әлемінде биік шыңдарды бағындырып жүрген ақын Қуанышова Гүлімай Әбішқызымен «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты кездесу кеші өтті.Кешке №3Хромтау орта мектебі,№5Хромтау гимназиясы және Дөң мектеп-гимназиясының оқушылары, мектеп кітапханашылары,аудандық кітапхана қызметкерлері,аудандық «Хромтау» газетінің қызметкері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қатысты. Шара барысында Гүлімай Әбішқызы өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, өзінің өлеңін оқып берді. Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Қосымбаева Меткүл Ораққызы ақынға шынайы ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің атынан алғыс хат табыс етті. |
Популярные теги
Новости Казахстана
- XML error in File: http://www.zakon.kz/rss.xml
- XML error: Mismatched tag at line 54
«Жауһар жырды жүрегінде тербеген»
- 30 ноября 2019
| - 09:11
| - Admin
| - Шаралар/Мероприятия
| - Комментарии: 0
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.