,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)
2021 жыл кітаптары анықталды

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.

2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.

Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынамыз.

 

Поэзия

1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».
2.Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».
3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».
4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».
6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

 

Проза

1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».
2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».
3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».
4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».
6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

Драматургия

1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.
2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.
3.Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі».
4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.
5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.
6.Сая Қасымбек «Жанталас».

Балалар әдебиеті

1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».
2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

 

Аударма

1.Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».

2.Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».

3.Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион».

4.Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».

5.Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».

6.Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

 

Баршаңызды осы ақын-жазушылардың шығармаларың оқуға шақырамыз!

 

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.