,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

Ата заңым аялайды елімді!

8 тамызда Хромтау аудандық кітапханасының  балалар бөлімінде  30 тамыз – Конституция күніне орай «Ата заңым аялайды елімді!» атты тәрбие  сағаты өткізілді.«Ата заңым - айбарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандарға «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», «Заң дегеніміз не?, «Адам құқықтары» туралы қарапайым тілмен ұғындырып, Ата Заң – әр азаматтың бұлжытпай орындайтын заңның темірқазығы екендігі түсіндірілді.

Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі

         Хромтау аудандық кітапханасында жас дарын Серіктай Марселдің сурет көрмесі ұйымдастырылды.Биыл наурыз айында жас дарын Серіктай Марсель Art Dubai көркемөнер шығармашылығының дүниежүзілік көрмесіне қатысты.Марсель жалпы топта өнер көрсетіп, жұмыстары ересек кәсіби дарын иелерімен бірдей бағаланып 2 орынды иеленді. Оның шеберлігіне таңғалған Дубай шейхі суретші баланы өзіне қонаққа шақырды. Кейін шейх Серіктай Марсельге екі тілдегі энциклопедияны сыйлаған.
       2014 жылдың маусым айының 1-жұлдызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Ақтөбе қаласының 145 жылдығына арналған "Туған қалам - Ақтөбе!" облыстық балалар сурет сайысы өтті.
       Сайыстың мақсаты мен міндеті: балалардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, кітап оқу арқылы шығармашылыққа баулу. Сайыстың негізгі тақырыбы - "Мәңгілік елдің қаласы".
       Сайысқа Хромтау аудандық кітапхана балалар бөлімінің оқырмандары және мектептен тыс білім беру орталығының сурет үйірмесінің оқушылары қатысты.
       Байқаудың қорытындысы бойынша мектептен тыс білім беру орталығының сурет үйірмесінің оқушысы Дүйсенова Ботагөз жүлделі 2-орынды иеленді.

16 шілде күні «Қайсар  қызы  қазақтың» тақырыбымен  Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алу кеші  ұйымдастырылды. 
       Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, жас  ұрпақты Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету, Әлияның ерлігін насихаттау, үлгі ету - біздің парызымыз. Шараға  мектептен тыс білім беру орталығының жанынан құрылған «Балдәурен» лагерінің  оқушылары, тәлімгерлері шақырылды. Осы еске алу кешінде балалар патриоттық  өлеңдер оқып, әндер орындады. Садырова Альбина батыр қызға арналып жазылған Ә.Бейсеуовтің  «Әлия»  әнін орындап берді.

"Қайсар қызы қазақтың"