Қазақстан Республикасының
«Ауылдық кітапханаларды жаңғырту» 2007-2014 жылдар республикалық бағдарламасы
бойынша жүргізіліп жатқан шаралар, Хромтау ауданының кітапханаларында 2007 жылдан
бастау алып, интернет жүйесіне қосылып, бүгінде ауыл кітапханаларына жаңа
үлгідегі «Модельді ауыл кітапханасы» өз жалғасын табуда. 2014 жылдың 21 қараша
айында жаңа заман талабына сай ауыл кітапханасының жаңа технологиямен
жабдықтау, интернет жүйесіне қосу, арнайы кітапханалық автоматтандырылған
бағдарламамен, сұранысқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарына
сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында Хромтау ауданына
қарасты Дөң ауылдық кітапханасы модельді кітапхана болып ашылды.