,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Декабрь 2014    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

  Құрметті оқырмандар!

 

Сіздерді  кітапханаға 2014 жылы мамыр, маусым  айларында келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстырамыз.
                                                    Жақсы  кітап – адал дос, ақыл жолдас, 
                                                   Ондай ешкім, еш нәрсе жақын болмас
                                                                                  М.Әлімбаев

Тари
х
 

   Абылай хан. Энциклопедия./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2013.-656 бет+32 бет түрлі түсті суретті  жапсырма.

   Энциклопедия XVIII-ғасырда ғұмыр кешкен хан, дарынды әскери қолбасшы, кемеңгер мәмілегер Абылай ханның қазақ халқының басынан өткен зор-зобалаң замандағы қазақтың елдігін сақтап қалудағы тарихи рөлі және ұлтты ұйымдастырып, біріктіру мақсаты жолында өзінің бүкіл күш-жігері мен ақыл-парасатын сарп еткен саяси қайраткерлік әрі мемлекеттік істеріне арналған. Энциклопедияда болашақ ханның бозбалалық шағынан ержетіп, есейіп-толысқан кезі, абыройы мен айбыны артып, өскен ортасы мен сұлтандықтан хан дәрежесіне дейінгі көтерілген өмір соқпақтары, Абылайдың арғы – бабалары мен одан тараған ұрпақтары мен үрім-бұтақтары, тұтас-замандастары, елі мен жерін жат жұрттықтардан қан кешіп жүріп қорғаған үзеңгілес жаужүрек батырлары, ел болашағының қамын жеген ақылгөй даналар мен билері; қазақ халқының тәуелсіздігі жолында Абылай ханның ұстанған өмірлік мақсат-мұраты жолында күрес жүргізген ілгері-кейінді ел басылары, қаһарман ерлер және ханның өмірі мен еңбегі жайында қалам тартқан ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ Абылай ханнан кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған жер-су аттары, т.б. қамтыған.