Уважаемые пользователи!
Этот сайт больше не обновляется.
Календарь
| « Сентябрь 2026 » |
|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | |
Архив новостей сайта
| 29 қараша күні аудандық кітапханада «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күні өткізілді. |
|
|
| ҚР Тұңғыш Президент күні
қарсаңында аудандық тарихи–өлкетану мұражайы
мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018
жылдың 21 қарашасында жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласын насихаттау
мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. |
|
|
| 26
қазан күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ көркем прозасының
майталман шебері Тахауи Ахтановтың туылғанына 95 жылдығына арналған «Тахауи
Ахтанов – шебер драматург» атты әдеби кеш өтті. |
|
|
| 17 қазан күні аудандық
кітапханада жылма жыл дәстүр бойынша өтетін облыстық балалар кітапханасының
ұйымдастыруымен халық ақыны, айтыскер,
жыршы-жырау Н.Байғаниннің шығармашылығына арналған «Байғанин оқулары» аудандық көркемсөз оқу сайысы
өткізілді. |
|
|
| 12 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханасында Хромтау
аудандық кітапхана мен аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен
Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Туған жерім – Нұрлы елім» атты Ақтөбе
қаласындағы Хромтау ауданының күндеріне орай «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын
жырды арнаймын» атты Хромтау өңірінен шыққан жас ақындармен кездесу кеші өтті. |
|
|
| 28 қыркүйек
күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және
облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Бақытты
бала» жобасы аясында аудандық «Тар заман» байқауы
өтті. |
|
|
| 26 қыркүйек күні Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық
кітапхана мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан
Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Тілім – өлшеусіз қазына»
атты сайыс өтті. |
|
|
| Кітапхана қызметкерлері №9 «Ер төстік» бөбекжай – балабақшасына жаңа кітаптарды апарып таныстырды,ересек топ
бүлдіршіндерін кітапхананы пайдалану ережесімен таныстырып, кітапхана, кітап
қорындағы балаларға арналған кітаптар туралы мәлімет берді. |
|
|
| 22 - қыркүйек күні №5 мектеп-гимназиясының
ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың қатысуымен, «Бір ел-бір кітап» акциясы
аясында Қазақ әдебиетінің ақсұңқары Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына
арналған танымдық сағат өткізілді. |
|
|
| 29 -тамыз күні аудандық орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі қаламыздың №7 «Еркетай» балабақшасында «Самұрық» тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі Мурзагулова Камшат және балабақша әдіскері Джанадилова Инабаттың қатысуымен «Жазғы оқу» бағдарламасы аясында «Кітапхана-балабақша» атты кітап әлеміне саяхат өткізілді. |
|
|