,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Август 2013    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

 

 «Құқығынды білу-өзіңді қорғау»

  Хромтау аудандық кітапханасында «Құқығынды білу-өзіңді қорғау» тақырыбында  30 тамыз  Конституция күніне арналған ақпараттық сағат өтті. 
  Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің  тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу; Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;

  Бұл шара мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Шараға  кітапхананың тұрақты оқырмандары, кітапхана филиалдарының кітапханашылары қатысты. Келушілер назарына жүргізуші Абиева Баян Тойбазарқызы Қазақ хандығы тұсындағы Конституциялар туралы, ҚазКСР Конституциясы және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Конституция туралы мәлімет берді. Кітапхана жанынан құрылған «Ақ қауырсын» поэзия клубының мүшелері Конституцияға арналған өз өлеңдерін оқыды.

Кеш барысында «Конституция-мемлекеттің негізі» тақырыбында кеңейтiлген кiтап көрмесi жас оқырмандардың назарына ұсынылды. Көрмеге елiмiздiң қазiргi таңда жеткен жетiстiктерi туралы фотосуреттер мен құнды құжаттар қойылды. Сондай-ақ, тарихтан сыр шертетiн құжаттар мен Кеңес үкiметi тұсындағы Конституциялар да орын алды.

 

  Жас оқырмандарды отансүйгiштiкке, қайырымдылыққа, мейiрiмдiлiкке баулитын мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

 

«Құқығынды білу-өзіңді қорғау»