,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Календарь

«    Август 2013    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Архив новостей сайта
Декабрь 2021 (1)
Ноябрь 2021 (9)
Октябрь 2021 (6)
Сентябрь 2021 (7)
Август 2021 (5)
Июль 2021 (6)

     Биыл вальстің королі атанған қазақтың танымал композиторы, «Қазақ вальсінің королі», «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым» сияқты көптеген лирикалық әндердің авторы. Шәмші   Қалдаяқовтың  туғанына 83 жыл. Осы орайда 15 тамыз күні Хромтау аудандық кітапханасында қазақтың біртуар ұлына арнап іс-шаралар  ұйымдастырылуда. Сондай шараның « Шәмші  – әннің шынары» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке мектеп оқушылары  және тұрақты оқырмандар қауымы қатысты.  Шараның   мақсаты жастар санасында Шәмші есімін жаңғырата түсу, оның әндерімен жас буынды елжандылыққа тәрбиелеу және де  Шәмшінің туындыларын кеңінен насихаттай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу болып табылады.  Шәмші   Қалдаяқов  1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданынына қарасты Сарыкөл елді-мекенінде дүниеге келген. Оның бала жастан әнге құмарлығы қазақ әнінде өзіндік қолтаңбасымен үлкен сеп болды. Тума талант иесі артына мәңгілік өшпейтін мұра ретінде талай әндерді қалдырды. Оның әрбір әуезді әсем әндері халықтың жүрегінде жатталып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Өйткені, қай-қайсысынан Шәмшінің әнін сұрай қалсаң, мүдірместен сазды әуенімен әсірелеп айтып береді. Тіпті, бүгінде «Менің Қазақстаным» әні бүгінде Мемлекеттік әнұранға айналды. Шара  барысында  Шәмші  Қалдаяқовтың өмірінен деректер келтіріліп, композитор шығармашылығынан туындылар орындалды. Және де Шәмші әндері әуелеп, арнау өлеңдер оқылды. Шәмшінің көзін көремесе де, оның әнін білмейтін қазақ сірә да жоқ шығар. Өйткені, әрбір жас Шәмшінің әнін естіп өсті. Оның әндері тойдың да, мерекенің де сән-салтанатына айналды. Қазақтың біртуар ұлы 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды. 

« Шәмші  – әннің шынары»

 





 

«Қазақ поэзиясының асқар биігі»

 

     Аудандық кітапханада ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туған күніне орай 12 тамыз күні «Ашық есік» күні өткізілді. «Қазақ поэзиясының асқар биігі» тақырыбында кітап көрмесі оқырман қауымға ұсынылды. Кітап көрмесіндегі дереккөздерден пайдаланушылар кемеңгер ақынның шығармаларын терең түсініп қана қоймай, Абайды қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, өз заманының кемел қайраткері, ұлт мәдениетінің берік негізін қалаушы ретінде де танып білді.

Көрмеге Абай Құнанбаевтың шығармалары және ұлы ақын туралы қазақстан жазушыларының төмендегідей туындылары қойылды: Д.Досжан.Абай айнасы, Қ.Салғараұлы.Таным баспалдақтары, Д.Омаров.Абайдын рухани мұрасы, Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, М.Әуезов.Абайтану дәрістерінің дерек көздері т.б. әдебиеттер.

Шараның мақсаты: әлемге танылған тұлғаның шығармашылығы туралы ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: Ұлы ақынның шығармашылығы жайлы кітапхана қорындағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беттеріндегі дереккөздермен қамтамасыз ету.

 
«Қазақ поэзиясының асқар биігі»«Қазақ поэзиясының асқар биігі»